Вакансия

Орталық «Діни және дінтану терминдерінің қазақ-орыс-ағылшын сөздігін» жасауды іске асыру шеңберінде сарапшының ақылы қызметі бойынша үміткерлер арасында іріктеу өткізетіндігін хабарлайды

Бөлісу

«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ «Діни және дінтану терминдерінің қазақ-орыс-ағылшын сөздігін» жасауды іске асыру шеңберінде сарапшының ақылы қызметі бойынша үміткерлер арасында іріктеу өткізетіндігін хабарлайды.

 

Міндеттері:

1.«Діни және дінтану терминдерінің қазақ-орыс-ағылшын сөздігі» терминдерді аударуға қатысу.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

2.Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білетін және ұқсас зерттеулерге қатысқан тәжірибесі бар гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандар (магистр, ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD).

 

Қызметке қойылатын талаптар:

3. Зерттеу тақырыптары бойынша дайындалған материалдар сапалы болуы қажет. Ұсынылған материалдар нақты құрылымдалған, түсінікті және кәсіби тілде жазылуы, қолданылған ақпарат өзекті және сенімді  сипатта болуы талап етіледі.

4. Материалдардың безендірілуі келесі талаптарға сай болуы керек: Word мәтіндік редакторында орындалған, өлшемі 12, шрифт Times New Roman. Шеттері: жоғарғы/төменгі – 1,5 см, сол/оң – 2 см, жоларалық интервал – бір, абзац шегінісі – 1,25. Бірінші мәтін бетінен бастап ортасында нөмірленеді.

5. Дайындалған материалдар Тапсырыс берушінің барлық талаптарына сай болуы керек. Мәтін тексерілуі қажет, орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық қателер болмауы талап етіледі.

6. Мәтін өңдеулер (түзетулер) енгізуге мүмкіндік беретін форматта дайындалуы қажет.

        

Қызмет көрсету мерзімі

7. Бастапқы нұсқасы Тапсырыс берушіге 2024 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде ұсынылады.

8. Тапсырыс берушіден ескертулер алғаннан кейін Орындаушы оларды жояды және түзетілген нұсқасын жібереді.

9. Соңғы (Тапсырыс берушімен пысықталған) нұсқаны Орындаушы Тапсырыс берушіге бастапқы нұсқа бойынша барлық ескертулерді ескере отырып, тапсырыс берушіден алғаннан кейін 2 аптадан кешіктірмей қолма-қол береді.

 

Қызмет бағасы:

10. Сарапшы қызметінің құны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар мен аударымдарды ескере отырып, 500 мың теңгені құрайды.

 

Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін қажетті құжаттар:

1. Жеке куәліктің көшірмесі

2.Резюме

3. Дипломдардың көшірмесі

 

Өтінім беру мерзімі: «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ сайтында хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде.

Байланыс деректері:  +7(7172) 266187; +7707 243 74 88

Электрондық пошта: azhidrissov@nnort.org