Вакансия

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы аудио сұхбаттарды транскрипциялау ақылы қызметі бойынша үміткерлер арасында іріктеу өткізетінін хабарлайды.

Бөлісу

«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ «Қазақстанда діни білім беруді дамыту: нысандары, түрлері, әдістері, мақсатты аудиториясы» зерттеуін іске асыру шеңберінде аудио сұхбаттарды транскрипциялау ақылы қызметі бойынша үміткерлер арасында іріктеу өткізетінін хабарлайды.

 

Міндеттері:

1.Транскрипттерді дайындау – 25 (жиырма бес) сарапшылық, 25 (жиырма бес) тереңдетілген сұхбаттардың және 20 (жиырма) фокус-топтық дискуссияның аудиожазбасы.

2.Транскрипт анық құрылымдалған, ақпарат сенімді болуы керек.

 

 Үміткерлерге қойылатын талаптар:

3.Мемлекеттік және орыс тілдерін білетін және транскрипциялау/ұқсас зерттеулерге қатысу тәжірибесі бар гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандар.

 

Қызметке қойылатын талаптар:

4.Жоғары сапалы транскрипттер. Респонденттердің сұрақтарын, мәлімдемелерін, сөйлемдерін, ойларын өткізіп жіберуге немесе аударылған материалдың мағынасын бұрмалауға жол берілмейді.

5.Аудиожазба материалдары транскриптке сәйкес болуы керек.

6.Транскрипттерді безендіру Тапсырыс беруші Шартқа қол қойғаннан кейін Орындаушыға берген үлгі бойынша жүзеге асырылады. Безендіру келесі талаптарға сай болуы керек: Word мәтіндік редакторында орындалған, өлшемі 12, шрифт Times New Roman. Шеттері: жоғарғы/төменгі – 1,5 см, сол/оң – 2 см, жоларалық интервал – бір, абзац шегінісі – 1,25. Бірінші мәтін бетінен бастап ортасында нөмірленеді. Мәтінді пішімдеуге, кестелеуге, мәжбүрлеп сызықша қоюға және т.б. рұқсат етілмейді.

7.25 (жиырма бес) сарапшылық, 25 (жиырма бес) тереңдетілген сұхбаттардың және 20 (жиырма) фокус-топтық дискуссияның аудиожазбаларының дайындалған транскрипттері Тапсырыс берушінің барлық талаптарына сай болуы қажет. Мәтін тексерілуі керек, орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық қателер болмауы қажет.

8.Мәтін өңдеулер (түзетулер) енгізуге мүмкіндік беретін форматта дайындалуы керек.

        

Қызмет көрсету мерзімі

9.Әрбір сұхбаттың транскриптінің бастапқы нұсқасы Тапсырыс берушіден аудиожазбаны алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннен аспайтын мерзімде оны Тапсырыс берушіге электронды түрде жауапты қызметкердің поштасына жіберу арқылы немесе электронды тасымалдағышта қолма-қол ұсынылады.

10.Тапсырыс берушіден ескертулер алғаннан кейін Орындаушы оларды жояды және түзетілген нұсқасын жібереді.

11.Транскрипттің соңғы (Тапсырыс берушімен пысықталған) нұсқасын Орындаушы Тапсырыс берушіге бастапқы нұсқа бойынша барлық ескертулерді ескере отырып, тапсырыс берушіден алғаннан кейін күнтізбелік 2 (екі) күннен кешіктірмей қолма-қол береді.

     

Қызмет бағасы:

12.Қызметтің құны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар мен аударымдарды ескере отырып, сарапшылық және тереңдетілген сұхбаттың әрбір транскрипті үшін 18 750 (он сегіз мың жеті жүз елу) теңгені, ал фокус-топтық дискуссияның әрбір транскрипті 37 500 (отыз жеті мың бес жүз) теңгені құрайды.

 

Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін қажетті құжаттар:

1.Жеке куәліктің көшірмесі

2.Резюме

3.Дипломдардың көшірмесі

 

Өтінім беру мерзімі: «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ сайтында хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде.

Байланыс деректері:  +7(7172) 266187; +7 776 118 6339

Электрондық пошта: gulmirasagynbek@nnort.org