Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

Бөлісу

Ү.ж. 16 сәуірінде ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лале Улькермен кездесті. 

Кездесуде алдағы уақытта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезін өткізуге дайындық жұмыстарының ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Елші Лале Улькер Түркияның Бас мүфтиі, Дін істері жөніндегі басқарманың Төрағасы Мехмет Гермез мырза Съезге қатысатындығын растап, екі елдің арасындағы көп жылғы ынтымақтастық пен татулық дін саласындағы тәжірибемен алмасуға және дінаралық диалогты жолға қоюға маңызды үлес қосуға мүмкіндік беретінін ерекше ықыласпен атап өтті.