Жаңалықтар

Оралда діни бірлестіктер басшылары клубының отырысы өтті

Бөлісу

Ү.ж. 3 маусымында Орал қаласында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі  Н. Назарбаев орталығы Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасымен бірлесіп, осы жылдың қыркүйек айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне арналған діни бірлестік басшылары өңірлік клубының отырысын өткізді.

Іс-шараға Н.Назарбаев орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Д. Есенова, Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасы басшысының м. а., Клуб төрағасы Д. Мукателов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Н. Сәмет, ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Б. Сабралиев, «Төлбаев Мұхаммед-Гариф мешіті» мешітінің бас имамы Қ. Гильманов, Орал Епархиясының. Архангел - Михаил собор приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің басшысы А.Робу, Архангел Михаил соборының діни қызметкері, епархияның баспасөз хатшысы Д. Козулев, «Феодоровская»  құтты Мария белгішесінің құрметіне ежелгі Православие Шіркеуінің Орал приходы»  жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі М. Макеев, «Қамқоршы Богородица покров храмының православиелік көне діни әдет-ғұрып шіркеуінің Орал приходы» діни бірлестігінің приход төрағасы Г.Водолазова, «Батыс Қазақстан Латын дәстүрдегі Католиктер үшін «Атырау Рим-Католик Апостолдық әкімшілігінің» Орал қаласындағы «Қасиетті құдай ана қажырлы жәрдем «Рим-Католик Приходы» филиалының басшысы Л.Ф.Немец, «Барлық халықтардың құдайға сыйынатын үйі» інжілдік христиан баптистер шіркеуі» діни бірлестігінің басшысы А.Димитров, «АГАПЕ» Ізгі Хабар Орталығы» жергілікті діни бірлестігінің Оралдық филиалының басшысы А.Ким, «Жаңа Өмір» Евангелдік Сенім Мәсіхшілерінің шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Р. Бекбосынов, «Христиандық Пресвитериандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы А.Гусманова, Орал қ. «Жетінші күн христиан адвентистерінің жергілікті шіркеуі» діни бірлестігінің басшысы С.Курилов, БҚО бойынша Дін істері басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Д.Есенова қазіргі заманғы сын-тегеуріндердің ушығуы аясында өзінің өзектілігі мен қажеттілігін растаған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Орталық Басқармасы Төрағасының орынбасары Съезге дайындық барысы туралы хабардар етіп, алдағы VII Съезде еліміз әлемге мемлекет пен қоғам арасындағы толеранттылық, ашықтық, өзара құрмет және сенім идеяларын көрсететін жылдың басты халықаралық іс-шараларының бірі болатынын атап өтті.

Іс-шара барысында сындарлы пікір алмасылып, бейбітшілікті тұрақты дамыту және діндер мен конфессиялар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша күш-жігерді шоғырландыру үшін дінаралық және мәдениетаралық диалог мәселелері талқыланды.

Қазақстанның киелі жерлерінің саналуандығын насихаттау мақсатында өңірлік клуб отырысының қатысушыларына «Орал епархиясының Архангел – Михаил соборының приходы» православие шіркеуі, «Орал Епархиясының Құтқарушы Христос храмы» православие шіркеуі, «Тулбаев Мұхаммед-Гариф мешіті» (татар мешіті, ескі Қызыл мешіт), сондай-ақ 
"Батыс Қазақстан латын дәстүрдегі католиктер үшін "Атырау Рим-католик Апостолдық әкімшілігі" діни объектілеріне экскурсия ұйымдастырылды.